Articles
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Articles by Author "Байтелиева, Жанар"
Now showing 1 - 12 of 12
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access KAZAKLARDAKİ AT YETİŞTİRME KÜLTÜRÜ(2014-05-09) Байтелиева, ЖанарМақаланың зерттеу мақсатына қазақ халқының жылқы өсіру мәдениеті және оның тілдегі көрінісі жатады. Сондай-ақ, мақалада қазақ халқының жылқы өсіру мәдениетінің тарихы ғалымдардың деректеріне сүйене отырып талданады, салыстыру әдістерімен анықталады. Мақала мазмұны этнокультуралогиялық мәселелерді шешуді қамтиды.Item Open Access Жылқы малына қатысты атаулардың этимологиялық негіздері(ЕНУ хабаршысы, Л. Н. Гумелев атындағы ЕҰУ баспасы, 2014) Байтелиева, ЖанарМақала мазмұны қазақ тіл біліміндегі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудің теориялық негіздерін қарастырады. Сонымен қатар тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудегі әрбір ғалымның ұстанған принциптерінің ерекшеліктерін талдап көрсетеді. Қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестер түрлі аспектіде зерттелініп келеді. Соның ішінде этнолингвистикалық сипатын зерттеуде фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөліп қарастыру маңызды рөл атқарады. Сондықтан мақалада осы тілдік бірліктерді топтастырудың теориялық жағын қарастырған еңбектерге шолу жасалды. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестерді зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі тақырыптық-мағыналық топтарға бөлуде ұстанған принциптері де сөз болды. Мақаладағы негізі ойлар тілді ұлт танымымен тығыз байланыста қарастыруды көздейді. Себебі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық жағынан топтастыру, ең алдымен, олардың тілдік қолданыс аясын анықтайды, халықтың тілжасамдық ұзақ процесін, оның мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігінің белгілі бір шамада елеулі деген аспектілерін көрсетеді.Item Open Access Жылқы малының түр-түсіне байланысты уәжділік(«Тіл және қоғам» журналы. Астана қ. «Полиграфкомбинат» ЖШС., 2011-09) Байтелиева, ЖанарМақалада жылқы малының түр-түсіне байланысты атаулардың тарихи әдебиеттерден бастап бүгінгі күнгі әдебиеттерде қалай беріліп жатқандығы айтылады.Item Open Access Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы(2008) Байтелиева, ЖанарБұл мақалада «жылқы» ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы айтылады. Осы аспектілердегі төрт түлік атауларын қарастырған әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы зерттеу әдістері сөз болады.Item Open Access Жылқыға қатысты атаулардағы тілдік уәжділік(«Тіл және қоғам» журналы. Астана қ. «Полиграфкомбинат» ЖШС., 2011-09) Байтелиева, ЖанарМақалада қазақ тіліндегі жылқыға қатысты атаулардың пайда болуына әсер еткен уәждемелер айталады. Сонымен тілдік уәжділіктің ерекшеліктері туралы да айтылады.Item Open Access ИМИТАТИВ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТЕРМИНДЕРІ ЖАЙЫНДА(С.Демирел ат. Университеті, 2010-04) Байтелиева, ЖанарБұл мақалада имитатив теориясының қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген терминдері туралы айтылады. Осы салада қолданылатын терминдерге сипаттама беріліп, мағыналары туралы түсінік беріледі, ғалымдардың пікірлеріне талдау жасалады.Item Open Access Лингвистикалық қазақ және түрік терминдерінің зерттелуі(Алматы қ. С.Демирел ат. Университеті, 2011-12) Байтелиева, ЖанарМақала мазмұны қазақ және түрік тіл білімінде лингвистикалық терминдердің зерттелуін қамтиды. Екі тіл білімінің даму барысы тарихпен байланыстырыла отырып сөз болады.Item Open Access Мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы(Елтаным баспасы, 2014-11-07) Байтелиева, ЖанарМақалада мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, осы мәселенің Ә.Қайдар еңбектерінде зерттелуіне басымдық беріледіItem Open Access Тіл үйретуде пікір айтудың тілдік құралдарын меңгерту әдістері(2013-05) Байтелиева, ЖанарМақалада тілді оқытудың әдіс-тәсілдері сөз болады. Соның ішінде соңғы уақытта жиі айтылып жүрген функционалды грамматиканың практикадағы қолданысы туралы айтылады.Item Open Access Тілдік білімді бағалау жүйелерінің мәселелері(Назарбаев Университеті, ИП «BC-print», 2015-03-27) Байтелиева, ЖанарБұл баяндамада тілдік білімді бағалау жүйелерінің қалыптасуы мен даму барысы сөз болады. Бүгінгі көптілді әлемде бірнеше тілдерді меңгеру заман талабы болып отырғандықтан үйренген екінші, үшінші тілді бағалаудың да өзектілігі туындап отыр. Осыған орай тілдік білімді бағалайтын халықаралық танымал тестілердің қалыптасу, даму бағытын сөз етеміз және осы жүйелерді қарастыру арқылы өз тәжірибемізді арттыру мақсатын көздейміз.Item Open Access Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні(2009) Байтелиева, ЖанарМақалада түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні қарастырылады. Атап айтқанда, қазақ, қырғыз, түрік тілдерінде кездесетін жылқыға қатысты фразеологиялық тіркестердің түрлі мағыналары талданады.Item Open Access Үштілділік және қазақ тілінің мәртебесі(ҚазҰУ Хабаршысы, №1(159), 2016) Байтелиева, ЖанарМақала мазмұнында үштілділік саясаты және ондағы мемлекеттік тілдің мәртебесі сөз болады. Сонымен қатар, еліміздегі үштілділік саясатының негізгі бағыттарына талдау жасалып, оны жүзеге асыру жұмыстары жөнінде мәліметтер беріледі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі – қазақстандықтардың үш тілді меңгеруі болып отыр. Осыған орай мақалада қазіргі таңдағы жастардың тілдерді меңгерулеріне байланысты түсініктері, сондай-ақ, осы ұғымдардың басқа да елдерде қалай көрініс беріп жатқаны айтылады. The article discusses the policy of Trilingualism and the status of state language. Moreover, the major directions of the Trilingualism policy in our country is analyzed, and the data on its implementation is given. Nowadays one of the key directions in socio-economic development of the Republic of Kazakhstan is the acquirement of three languages by kazakhstanis. In this regard, the article discusses the understanding of young people about their acquirement of languages nowadays, and as the situation in other countries regarding these concepts.