Articles
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Articles by Issue Date
Now showing 1 - 20 of 43
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы(2008) Байтелиева, ЖанарБұл мақалада «жылқы» ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы айтылады. Осы аспектілердегі төрт түлік атауларын қарастырған әдебиеттерге шолу жасалып, ондағы зерттеу әдістері сөз болады.Item Open Access Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні(2009) Байтелиева, ЖанарМақалада түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің лексика-семантикалық мәні қарастырылады. Атап айтқанда, қазақ, қырғыз, түрік тілдерінде кездесетін жылқыға қатысты фразеологиялық тіркестердің түрлі мағыналары талданады.Item Open Access Қайым ағаның қарлагтағы тағдыры(Түркістан газеті, 2009-06-04) Құрманбай, Гүлтас СайынқызыТаяуда Қазақстан — Британ Техникалық университетiнде “Қайым Мұхамедханов атындағы бiлiм және мәдениет орталығы “Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ғалым, публицист, қоғам қайраткерi Қайым Мұхамедхановтың “Тағдыр және Қарлаг” атты кiтабының тұсаукесерi болды. Үстел басындағы әңгiме түрiнде өткен бұл жиында ғалымдар: академик Р.Сыздықова, профессорлар — А.Исмақова, Г.Сайынқызы, С.Қорабай, қаламгерлер: Ғ.Қабышев, Иран-Ғайып, Д.Әшiмханұлы, әйгiлi алаш көсемдерiнiң бiрi Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлы Дәулет Тынышбаев өз ойларын ортаға салып, естелiк әңгiмелер айтты.Item Open Access ИМИТАТИВ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТЕРМИНДЕРІ ЖАЙЫНДА(С.Демирел ат. Университеті, 2010-04) Байтелиева, ЖанарБұл мақалада имитатив теориясының қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген терминдері туралы айтылады. Осы салада қолданылатын терминдерге сипаттама беріліп, мағыналары туралы түсінік беріледі, ғалымдардың пікірлеріне талдау жасалады.Item Open Access Жылқы малының түр-түсіне байланысты уәжділік(«Тіл және қоғам» журналы. Астана қ. «Полиграфкомбинат» ЖШС., 2011-09) Байтелиева, ЖанарМақалада жылқы малының түр-түсіне байланысты атаулардың тарихи әдебиеттерден бастап бүгінгі күнгі әдебиеттерде қалай беріліп жатқандығы айтылады.Item Open Access Жылқыға қатысты атаулардағы тілдік уәжділік(«Тіл және қоғам» журналы. Астана қ. «Полиграфкомбинат» ЖШС., 2011-09) Байтелиева, ЖанарМақалада қазақ тіліндегі жылқыға қатысты атаулардың пайда болуына әсер еткен уәждемелер айталады. Сонымен тілдік уәжділіктің ерекшеліктері туралы да айтылады.Item Open Access Лингвистикалық қазақ және түрік терминдерінің зерттелуі(Алматы қ. С.Демирел ат. Университеті, 2011-12) Байтелиева, ЖанарМақала мазмұны қазақ және түрік тіл білімінде лингвистикалық терминдердің зерттелуін қамтиды. Екі тіл білімінің даму барысы тарихпен байланыстырыла отырып сөз болады.Item Open Access Бейнесабақ - сөйлеу біліктілігін жетілдіру сабағы(2013) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМақалада қазақ тілі сабақтарында бейнеқұралдарды пайдаланудың тиімділігі туралы айтылады. Сабақ барысында тіл үйренушілер жаңа ақпаратты тыңдау, көзбен көру арқылы қабылдайды. Бейнесюжеттегі бояу, дауыс ырғағы, музыка, ым-ишара тіл үйренушінің эмоциясына әсер етеді, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін адамдардың өз ана тілінде сөйлеу мәнерін тыңдап, үлгі ретінде қарастырады. Сонымен қатар мақалада оқытушының да, тіл үйренушінің де сұранысын қамтамасыз ете алатын «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесіндегі «Бейне сабақтар курсы» (CD дискісі және оқу құралы) бойынша жасалған жаттығулардан үзінді беріледі.Item Open Access О. Бөкейдің "Жылымық" әңгімесінің аудармасындағы сәйкессіздіктер(2013) Дауренбекова, Л.Мақалада белгілі жазушы О.Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің орыс тіліне аударылуы қарастырылған. Әңгіменің қазақ тілі мен орыс тіліндегі нұсқасы қатар көрсетіле отырып, аудармадағы сәйкессіздіктер салғастырмалы тәсіл арқылы мысалдармен көрсетіледі. Аударма барысында А.Кимнің автор стиліне нұқсан келтірген тұстарына назар аударылып, аудармашының мақсаты айқындалынады. Әңгімедегі идеялық-мағыналық қабаттарға назар аударылып, орыс тіліне ықшамдалынып берілгені анықталынады.Item Open Access Ә.Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі(2013) Дауренбекова, Л.Мақалада Өзбек жазушысы Ш.Рашидовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі, өзбек тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы түпнұсқа авторының жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін түпнұсқаға сәйкес тәржімалайтыны талданады. Түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.Item Open Access Тіл үйретуде пікір айтудың тілдік құралдарын меңгерту әдістері(2013-05) Байтелиева, ЖанарМақалада тілді оқытудың әдіс-тәсілдері сөз болады. Соның ішінде соңғы уақытта жиі айтылып жүрген функционалды грамматиканың практикадағы қолданысы туралы айтылады.Item Open Access Жылқы малына қатысты атаулардың этимологиялық негіздері(ЕНУ хабаршысы, Л. Н. Гумелев атындағы ЕҰУ баспасы, 2014) Байтелиева, ЖанарМақала мазмұны қазақ тіл біліміндегі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудің теориялық негіздерін қарастырады. Сонымен қатар тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудегі әрбір ғалымның ұстанған принциптерінің ерекшеліктерін талдап көрсетеді. Қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестер түрлі аспектіде зерттелініп келеді. Соның ішінде этнолингвистикалық сипатын зерттеуде фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөліп қарастыру маңызды рөл атқарады. Сондықтан мақалада осы тілдік бірліктерді топтастырудың теориялық жағын қарастырған еңбектерге шолу жасалды. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестерді зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі тақырыптық-мағыналық топтарға бөлуде ұстанған принциптері де сөз болды. Мақаладағы негізі ойлар тілді ұлт танымымен тығыз байланыста қарастыруды көздейді. Себебі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық жағынан топтастыру, ең алдымен, олардың тілдік қолданыс аясын анықтайды, халықтың тілжасамдық ұзақ процесін, оның мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігінің белгілі бір шамада елеулі деген аспектілерін көрсетеді.Item Open Access Ш. Айтматов әңгімелерін аударудағы Қ. Нұрмаханов ұстанымы(2014) Дауренбекова, Л.Сыншы, кәсіби аудармашы Қалжан Нұрмаханов қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бірқатар туындыларын тәржімалап, қазақ халқының рухани игiлiгiне айналдырып қана қоймай, екі ел арасындағы әдеби байланысты нығайта түсті.Item Open Access Қазақ терминологиясының даму белестері(Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, 2014) Әлісжан, СарқытБұл мақалада еліміз тәуелсіздік алғалы ғылым ретінде дамып отырған қазақ терминологиясының жай-жапсары туралы баяндалады. Тіл білімінің басқа салалары тәрізді терминология да қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Бұрын лексикологияның бір шағын саласы болып келген терминология – қазір өзінше үлкен бір бағыт, зерттеу әдістері мен тәсілдері қалыптасқан, өзіндік ұстаным мен бай тілдік материалға ие, басқа ғылым атаулымен шектесетін, ажырататын тұстары бар үлкен сала болып табылады. Бұл мақалада қазақ терминологиясы дамуының негізгі аспектілері сөз болады.Item Open Access Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын қалыптастыру мәселелері(2014) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМемлекет қызметшісіне мемлекеттік тілді оқыту арқылы «мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын» қалыптастыруға бағытталуы керек. Тілді үйретудегі лингвистикалық мәліметтер «тілдік тұлғаны» тұтас құрылым ретінде тануға негіз жасайды. Сол лингвистикалық деңгейлерге қазақ тілін үйретудің лингводидактикалық деңгейлері сәйкес болғанда ғана «мемлекеттік тілді жеделдете дамыту барысында мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын» қалыптастыруға болады. Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы тілді оқытудағы жоғары деңгей болып табылады. Сондықтан тіл үйренудің барлық деңейлерінен өткен және оның минимумдерін игерген тіл үйренушінің бойында оларды бекіту мен оның тәжірибеде қолдануына арналған жұмыс түрлері жүргізіледі. Осы жерде тіл үйренушінің толық тілдік тұлғасы қалыптасады. Оның бойында қазақ тіліне деген барлық сый-құрметі орнап, қазақ тілін әлемдік құндылық, адами құндылық деп тану үдерісі толығымен жүріп жатады.Item Open Access Әдеби аудармада қолданылатын қосу, ұлғайту, қалдырылып кету, ауыстыру тәсілдері(2014) Дауренбекова, Л.Мақалада әдеби аудармада аудармашылар жиі қолданатын амал-тәсілдерге назар аударылады. Мұндай тәсілдер аударматануда трансформациялау деп аталып жүр. Трансформациялардың түпнұсқа мәтініндегі түрлі ақпараттарды, мағлұматтарды дәл беру мақсатында қолданылатыны мысалдармен айқындалады.Item Open Access Идейные особенности исторических произведений казахского акына Шади Жангирулы(Наука и Мир Международный научный журнал, № 7 (11), 41-45 cтр., 2014, 2014) Абдигапбарова (Abdigapbarova), Жанар (Zhanar)В этой статье автор анализирует идейно-художественные особенности произведений известного казахского акына Шади Жангирулы, жившего в конце ХІХ-начале ХХ веков. В качестве объекта ислледования взяты произведения Шади – поэмы «История деяний царей династии Романовых в период их царствования и положение казахского народа со времен беззакония и массового бегства народа с насиженных мест» и «Тарихнама», посвященные истории казахского народа. В поэме «Тарихнама» он особо останавливается на исторической личности казахского хана Абылая.Item Open Access Ғылым тілін зерттеудің кейбір аспектілері(Терминологиялық Хабаршы, 2014, №1 (47), 2014) Әлісжан, СарқытМақалада ғылым тілін зерттеудің кейбір аспектілері баяндалады. Ғылым тіліне қатысты негізгі ұғымдар сөз болады. Автор ғылым тілінің негізгі ұғымдары мен терминдеріне анықтама береді. Сонымен бірге қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлі, даму белестері, болашақ бағдары қарастырылады.Item Open Access Сабақ - оқытудың негізгі формасы(2014) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыҚазақ тілін үйретуде қазақ тілі сабақтарының алатын орны ерекше. Мақалада сабақты оқытудың негізгі формасы ретінде қарастырған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, сабақтың құрылымына қойылатын талаптар мен сабақтың типтері туралы айтылады.Item Open Access Марк Твен әңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы(2014) Дауренбекова, Л.Мақалада Американ жазушысы М.Твеннің юморлық әңгімелерін қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық қыры, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы М. Твеннің жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін жеңіл тілмен тәржімалауға тырысатыны, түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »