Жылқы малына қатысты атаулардың этимологиялық негіздері
Loading...
Date
2014
Authors
Байтелиева, Жанар
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ЕНУ хабаршысы, Л. Н. Гумелев атындағы ЕҰУ баспасы
Abstract
Мақала мазмұны қазақ тіл біліміндегі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудің теориялық негіздерін қарастырады. Сонымен қатар тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудегі әрбір ғалымның ұстанған принциптерінің ерекшеліктерін талдап көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестер түрлі аспектіде зерттелініп келеді. Соның ішінде этнолингвистикалық сипатын зерттеуде фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөліп қарастыру маңызды рөл атқарады. Сондықтан мақалада осы тілдік бірліктерді топтастырудың теориялық жағын қарастырған еңбектерге шолу жасалды. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде фразеологиялық тіркестерді зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі тақырыптық-мағыналық топтарға бөлуде ұстанған принциптері де сөз болды. Мақаладағы негізі ойлар тілді ұлт танымымен тығыз байланыста қарастыруды көздейді. Себебі фразеологиялық тіркестерді тақырыптық-мағыналық жағынан топтастыру, ең алдымен, олардың тілдік қолданыс аясын анықтайды, халықтың тілжасамдық ұзақ процесін, оның мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігінің белгілі бір шамада елеулі деген аспектілерін көрсетеді.
Description
Keywords
фразеологиялық тіркестер, тақырыптық-мағыналық топтар, уәждеме, экстралингвистикалық факторлар