Abstract:
Мақалада Американ жазушысы М.Твеннің юморлық әңгімелерін қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық қыры, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы М. Твеннің жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін жеңіл тілмен тәржімалауға тырысатыны, түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.