Articles
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Articles by Author "Әлісжан, Сарқыт"
Now showing 1 - 6 of 6
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Абай дискурсындағы сөздердің терминдену барысы(Абай – әлемдік феномен: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2015) Әлісжан, СарқытБұл мақалада қазақ тіліндегі философиялық терминдерді қалыптастырудағы Абайдың өзіндік орны қарастырылады. Автордың жазуынша, Абай тұсында қазақ философиялық ұғымдарының қағазға түсіріліп, жалпы халықтың тілден терминдік қолданысқа көше бастауы көрініс алды. Бұның өзі қазақ тіліндегі философия терминдерінің даму барысында сонымен бірге, жалпы сөздердің терминдену барысында үлкен қадам болғаны анық. Мақалада тілдік материалдар негізінде осы пікір дәлелденеді.Item Open Access Дәйексөз және оның танымдық қызметі(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы., 2016) Әлісжан, СарқытМақалада дәйексөздің отандық тіл білімінде зерттелуі және танымдық қызметі қарастырылады. Автор дәйексөзді танымдық тұрғыдан қарастыра отырып, бірнеше топқа бөледі. Әр топтың қолданылу ерекшелігі баяндалады. Сондай-ақ, дәйексөздің ғылыми мәтіннің ажырамас бір бөлігі екендігі сөз болады. Дәйексөз ғылыми білімнің одан әрі өрістеуіне негіз болады. Ескі білім мен жаңа білімнің арасындағы қатынасты тудырады және ғылымдағы сабақтастық ұғымын жалғастыру үшін қызмет етеді.Item Open Access Ғылым тілін зерттеудің кейбір аспектілері(Терминологиялық Хабаршы, 2014, №1 (47), 2014) Әлісжан, СарқытМақалада ғылым тілін зерттеудің кейбір аспектілері баяндалады. Ғылым тіліне қатысты негізгі ұғымдар сөз болады. Автор ғылым тілінің негізгі ұғымдары мен терминдеріне анықтама береді. Сонымен бірге қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі рөлі, даму белестері, болашақ бағдары қарастырылады.Item Open Access Ғылыми дискурстағы когнитивтік модельдер (метафоралану)(Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. Ғылым журнал, №3, 2015) Әлісжан, СарқытБұл мақалада ғылыми дискурстағы метафоралану негізінде пайда болатын когнитивтік модельдердің жай-күйі сөз болады, негізінен гуманитарлық ғылым деректері бойынша олардың тілдік көрінісі талданады, түсіндіріледі. Қазақ тіл білімінде ғылым тілін тану қазіргі уақытқа дейін дәстүрлі-құрылымдық, функционалды-стилистикалық бағытта жүзеге асып келді, дегенмен тіл білімінде өріс алып отырған жаңа бағыттарға (когнитивтік) сай зерттеуге деген талпыныс та жоқ емес. Біздің міндетіміз – жалпы ғылым тілі тәрізді тілдің өзінше бір функционалды аумағын құрайтын, қазіргі терминмен айтқанда, дискурстың өзіндік түрін жаңаша зерттеуді әрі қарай тереңдете түсу болмақ. Мақала ғылыми дискурс негізінде осы мәселені терең зерттеуге арналған.Item Open Access Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары(2015) Әлісжан, СарқытМақалада студенттерді ғылыми мақала жазуға баулудың кейбір жолдары қарастырылады. Автор осы орайда үш мәселеге тоқталады: 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар. Бұлар мақала жазу барысында студенттің жазу біліктілігін арттыратын негізгі тәсілдер болып саналады және әрқайсысына сипаттама берілген.Item Open Access Қазақ терминологиясының даму белестері(Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы, 2014) Әлісжан, СарқытБұл мақалада еліміз тәуелсіздік алғалы ғылым ретінде дамып отырған қазақ терминологиясының жай-жапсары туралы баяндалады. Тіл білімінің басқа салалары тәрізді терминология да қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Бұрын лексикологияның бір шағын саласы болып келген терминология – қазір өзінше үлкен бір бағыт, зерттеу әдістері мен тәсілдері қалыптасқан, өзіндік ұстаным мен бай тілдік материалға ие, басқа ғылым атаулымен шектесетін, ажырататын тұстары бар үлкен сала болып табылады. Бұл мақалада қазақ терминологиясы дамуының негізгі аспектілері сөз болады.