Articles
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Articles by Author "Көпеш, Күлән Бейсенбайқызы"
Now showing 1 - 7 of 7
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access Абай қара сөздерін оқылым әрекеті арқылы меңгерту жолдары(2015) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыАбай қарасөздерін оқылым арқылы меңгерту барысында жүргізілетін жаттығу түрлері мұнымен шектелмейді, олар тіл үйрету барысында жаңартылып, толықтырыла береді. Әрбір оқытушы студенттерінің тіл білу деңгейі мен шығармашылық қабілетіне байланысты түрлендіре алады. Оқылым бойынша мәтін мазмұнын қандай деңгейде меңгергенін, түсінген-түсінбегендерін білу үшін бақылаудың тест түрін өткізуге болады. Оқыту мен бағалау қатар жүретіндіктен, оқылымды бағалау күрделі және жан-жақты қарастырылуды талап ететін мәселелердің бірі. Сондықтан бұл мәселелер келесі мақалалардың құзырында болмақ.Item Open Access Бейнесабақ - сөйлеу біліктілігін жетілдіру сабағы(2013) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМақалада қазақ тілі сабақтарында бейнеқұралдарды пайдаланудың тиімділігі туралы айтылады. Сабақ барысында тіл үйренушілер жаңа ақпаратты тыңдау, көзбен көру арқылы қабылдайды. Бейнесюжеттегі бояу, дауыс ырғағы, музыка, ым-ишара тіл үйренушінің эмоциясына әсер етеді, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін адамдардың өз ана тілінде сөйлеу мәнерін тыңдап, үлгі ретінде қарастырады. Сонымен қатар мақалада оқытушының да, тіл үйренушінің де сұранысын қамтамасыз ете алатын «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесіндегі «Бейне сабақтар курсы» (CD дискісі және оқу құралы) бойынша жасалған жаттығулардан үзінді беріледі.Item Open Access Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын қалыптастыру мәселелері(2014) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМемлекет қызметшісіне мемлекеттік тілді оқыту арқылы «мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын» қалыптастыруға бағытталуы керек. Тілді үйретудегі лингвистикалық мәліметтер «тілдік тұлғаны» тұтас құрылым ретінде тануға негіз жасайды. Сол лингвистикалық деңгейлерге қазақ тілін үйретудің лингводидактикалық деңгейлері сәйкес болғанда ғана «мемлекеттік тілді жеделдете дамыту барысында мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын» қалыптастыруға болады. Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы тілді оқытудағы жоғары деңгей болып табылады. Сондықтан тіл үйренудің барлық деңейлерінен өткен және оның минимумдерін игерген тіл үйренушінің бойында оларды бекіту мен оның тәжірибеде қолдануына арналған жұмыс түрлері жүргізіледі. Осы жерде тіл үйренушінің толық тілдік тұлғасы қалыптасады. Оның бойында қазақ тіліне деген барлық сый-құрметі орнап, қазақ тілін әлемдік құндылық, адами құндылық деп тану үдерісі толығымен жүріп жатады.Item Open Access Риторический аспект подготовки учебной речи(2014) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыВ обучении языку и культуре важное значение имеет учебная речь преподавателя. Учебная речь преподавателя должна быть построена таким образом, чтобы вызвать у аудитории чувства, необходимые для достижения учебных целей. Для убедительности речи важна ее эмоциональность, обращение к чувствам людей, так как слово несет людям не только мысли, но и передает чувства говорящего. Чтобы добиться эмоциональности в своих выступлениях, преподаватель должен говорить о том, что волнует людей и видеть то, о чем говорит.Item Open Access Сабақ - оқытудың негізгі формасы(2014) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыҚазақ тілін үйретуде қазақ тілі сабақтарының алатын орны ерекше. Мақалада сабақты оқытудың негізгі формасы ретінде қарастырған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, сабақтың құрылымына қойылатын талаптар мен сабақтың типтері туралы айтылады.Item Open Access Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы(2015-03-30) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМақалада сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі, соңғы кезде көп қарастырылып жүрген және қазақ тілі сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы туралы айтылады. Өзге тілді аудиторияда тіл үйренушілерге тыңдалымды меңгерту арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін дамытып, тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде қолдана білу керек. Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.Item Open Access Қазақ тілі сабақтарының антропологиялық ерекшеліктері(2014-11) Көпеш, Күлән БейсенбайқызыМақалада қазақ тілі сабақтарының тәрбиелік негіздері барлық білім беру сатысында маңызды болып табылатын антропологиялық тұрғыда қарастырылады. Тіл үйретуде антропологиялық бағыт тіл үйренушілердің жас ерекшеліктерін, психологиялық, әлеуметтік қырларын, сонымен қатар тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін ескереді.