Articles
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Articles by Author "Дауренбекова, Л."
Now showing 1 - 7 of 7
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access А.Чеховтың «Хамелеон» әңгімесінің аудармасындағы көркем антропологияның берілу тәсілдері(2015) Дауренбекова, Л.Мақалада А.Чеховтың «Хамелеон» әңгімесінің аудармасындағы көркем антропологияның берілу тәсілдері, Ә. Бөкейханов аудармасы негізінде қарастырылады. Аударма барысында түпнұсқадағы адам мінез-құлқын беретін мағыналық бірліктерді сақтау үшін, бірнеше шарттар ұсынылады. Салыстырмалы-салғастырмалы жұмыстарды жүргізу арқылы аударманың қандай деңгейде жасалғанына баға беріледі.Item Open Access Марк Твен әңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы(2014) Дауренбекова, Л.Мақалада Американ жазушысы М.Твеннің юморлық әңгімелерін қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық қыры, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы М. Твеннің жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін жеңіл тілмен тәржімалауға тырысатыны, түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.Item Open Access О. Бөкейдің "Жылымық" әңгімесінің аудармасындағы сәйкессіздіктер(2013) Дауренбекова, Л.Мақалада белгілі жазушы О.Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің орыс тіліне аударылуы қарастырылған. Әңгіменің қазақ тілі мен орыс тіліндегі нұсқасы қатар көрсетіле отырып, аудармадағы сәйкессіздіктер салғастырмалы тәсіл арқылы мысалдармен көрсетіледі. Аударма барысында А.Кимнің автор стиліне нұқсан келтірген тұстарына назар аударылып, аудармашының мақсаты айқындалынады. Әңгімедегі идеялық-мағыналық қабаттарға назар аударылып, орыс тіліне ықшамдалынып берілгені анықталынады.Item Open Access Ш. Айтматов әңгімелерін аударудағы Қ. Нұрмаханов ұстанымы(2014) Дауренбекова, Л.Сыншы, кәсіби аудармашы Қалжан Нұрмаханов қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бірқатар туындыларын тәржімалап, қазақ халқының рухани игiлiгiне айналдырып қана қоймай, екі ел арасындағы әдеби байланысты нығайта түсті.Item Open Access Ә.Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі(2013) Дауренбекова, Л.Мақалада Өзбек жазушысы Ш.Рашидовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі, өзбек тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы түпнұсқа авторының жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін түпнұсқаға сәйкес тәржімалайтыны талданады. Түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.Item Open Access Әдеби аудармада қолданылатын қосу, ұлғайту, қалдырылып кету, ауыстыру тәсілдері(2014) Дауренбекова, Л.Мақалада әдеби аудармада аудармашылар жиі қолданатын амал-тәсілдерге назар аударылады. Мұндай тәсілдер аударматануда трансформациялау деп аталып жүр. Трансформациялардың түпнұсқа мәтініндегі түрлі ақпараттарды, мағлұматтарды дәл беру мақсатында қолданылатыны мысалдармен айқындалады.Item Open Access Әдеби шығармашылық және суреткер келбеті (Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романы бойынша)(2015) Дауренбекова, Л.Мақалада Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романы арқылы жазушының жазушылық кезеңі қарастырылады. Қаламгердің шығармашылық жұмысының ерекшеліктері, шеберханасының қат-қабат қиын әрі қызық сырларына назар аударылады.