Abstract:
Мақалада Өзбек жазушысы Ш.Рашидовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған Ә. Сатыбалдиевтің аудармашылық шеберлігі, өзбек тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданады. Аудармашы түпнұсқа авторының жазушылық стилін сақтай отырып, әр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін түпнұсқаға сәйкес тәржімалайтыны талданады. Түпнұсқадағы мәтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына назар аударылады. Аудармашының аудармасында қолданылған лексикалық трансформацияларға талдаулар жасалынады.