Аннотация:
Халқымыздың асыл мұрасы мақал-мәтелдерді сақтау, кейінгі ұрпаққа аманаттау – ұстаздың ғана емес, барша қауымның ата-бабалар алдындағы парызы. Автор бұл еңбегінде өзі дәріс беретін студенттерге, атап айтқанда, қазақ тілінен практикалық сабақта қолданып жүрген мақал-мәтелдерін және ол мақал-мәтелдерді өмірде қолдануға септігін тигізетін сұрақ-тапсырмаларды ұсынған. Еңбек мектеп оқушыларына, студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға, жалпы оқырман қауымға арналады.