DSpace Repository

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Show simple item record

dc.contributor.author Доскабулова, Д.Т.
dc.contributor.author Изденова, Н.Р.
dc.date.accessioned 2020-12-03T09:57:26Z
dc.date.available 2020-12-03T09:57:26Z
dc.date.issued 2020
dc.identifier.uri http://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/5173
dc.description.abstract Кіріспе: Health Behavior in school-aged children (HBSC) - мектеп жасындағы балалар мен жасөспірім- дердің денсаулығына қатысты әлеуметтік жағдайын бағалау мақсатында жүргізілетін зерттеу. HBSC - 11,13,15 жас аралығындағы ер бала мен қыз балалардың денсаулығы мен мінез-құлық сипатын зерттейді, мектепте, отбасымен және достарымен ара қатынасын бағалауға бағытталған зерттеу болып табылады. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына қатысты әлеуметтік жағдайын анықтауға жүргізілген анкеталық сауалнама нәтижелер көрсеткіштері бойынша жынысты қайырмашылық тарынанықтау. Материалдары: HBSC әдістемесін қолдану үшін ҚР ДСМ Қоғамдық Денсаулық сақтау Ұлттық орталығының келісімімен жүзеге асырылды. Зерттеу Батыс Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қалаларының мектептерінде өткізілді және 5,7,9 сынып оқушылары алынды. Нәтижелері: Әлеуметтік контекст: Отбасы. Зерттеу нәтижелері бойынша: көптеген жасөспірімдерге әкелерімен салыстырғанда анасымен сөйлесу оңайырақ екені анықталды. Ал 15 жастағы ер балалардың 75% олардың әкелерімен сөйлесу оңай екенін айтады. Достары. Қыздардың 57% және ер балалардың 46% достарының қолдауын, достарымен күнделікті кездесулерді және күнделікті әлеуметтік желілерде отыратынын хабардар етеді. Мектеп. Мектепті ұнататындығын білдіретін балалардың үлесі өте төмен (орта есеппен 28% қыздар және 26% ер балалар), мектепке деген төмен көзқарастар жасына қарай жоғарылайды. Денсаулық көрсеткіштері. Өз денсаулығын қанағаттанарлықсыз немесе нашар деп санайтын балалар мен жасөспірімдердің үлесі төмен (қыздар 22% және ер балалар 12%). Дене салмағы. 11жастағы ер балаларда және 13 және 15 жастағы қыздарда көрсеткіштердің едәуір өсуі байқалады. Тамақтану. Қыздар таңертеңгілік тамақты ер балаларға қарағанда аз тұтынады. Алкогольсіз газдалған қант бар сусындардың күнделікті тұтыну деңгейі қыздарда (11% -дан 25% -ға дейін) және ер балаларда (13% -дан 26% -ға дейін) жоғарылаған. Дене белсенділігі. 13 және 15 жастағы қыздар компьютерде көп уақыт өткізеді, бұл әлеуметтік желілердегі достарымен белсенді қарым-қатынасқа немесе үй тапсырмасын мұқият орындауға байланысты болуы мүмкін. Қорытынды: Батыс Қазақстан аймақтары Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қалаларының мектеп оқушылары арасында жүргізілген HBSC зерттеу қорытындысы Жалпы алғанда, мектеп оқушыларының дене белсенділігінің деңгейі біртіндеп артып келеді. Сонымен қатар, алкогольсіз газдалған қант бар сусындарды жиі қолданады; қыздар ер балалармен салыстырғанда достарымен жиі араласуға әлеуметтік желілерді күнделікті қолданады және бұл көрсеткіштер жасына қарай жоғары. en_US
dc.language.iso kk en_US
dc.publisher International conference "MODERN PERSPECTIVES FOR BIOMEDICAL SCIENCES: FROM BENCH TO BEDSIDE”; National Laboratory Astana en_US
dc.rights Attribution-NonCommercial-ShareAlike 3.0 United States *
dc.rights.uri http://creativecommons.org/licenses/by-nc-sa/3.0/us/ *
dc.subject HBSC en_US
dc.subject балалар en_US
dc.subject жасөспірімдер en_US
dc.subject денсаулық en_US
dc.subject Research Subject Categories::MEDICINE en_US
dc.title БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ en_US
dc.type Abstract en_US
workflow.import.source science


Files in this item

The following license files are associated with this item:

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Attribution-NonCommercial-ShareAlike 3.0 United States Except where otherwise noted, this item's license is described as Attribution-NonCommercial-ShareAlike 3.0 United States