Quantum Annealing for the Helmholtz Equation on D-Wave: QUBO Formulations and Encoding Strategies
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Nazarbayev University School of Sciences and Humanities
Abstract
Quantum annealing has emerged as a promising paradigm for solving large-scale combinatorial optimization problems. Extending this framework to the numerical solution of differential equations requires the development of suitable optimization formulations that can be efficiently implemented on current quantum hardware. In this context, this thesis investigates the application of quantum annealing to the numerical solution of differential equations, using the one-dimensional Helmholtz equation as a benchmark problem. The approximate solution is represented through spectral basis function whose coefficients are determined by formulating the problem as QUBO (Quadratic Unconstrained Binary Optimization Problem). Different encoding strategies \sloppy are systematically
investigated and evaluated from both algebraic and adiabatic perspectives, with their performance compared against the classical simulated annealing algorithm.
To assess the quality and reliability of the obtained solutions, several quantitative metrics are employed, including the minimum energy gap, dynamic range, and mean squared error. These measures provide insight into the adiabatic behavior of the system, numerical stability, and approximation accuracy. The results highlight the critical role of problem encoding and the resulting QUBO structure in achieving efficient quantum annealing performance. In particular, the algebraic properties of the discretized problem strongly determine the optimization landscape experienced by the quantum annealer.
Finally, the results highlight the potential of hybrid quantum–classical approaches that combine favorable algebraic properties with suitable adiabatic conditions. These findings contribute to the development of more effective QUBO formulations for differential equations and provide practical guidelines for designing quantum annealing algorithms on current and future hardware.
Кванттық күйдіру ірі көлемді комбинаторлық оңтайландыру есептерін шешуге арналған перспективалы кванттық есептеу тәсілдерінің бірі. Алайда бұл тәсілді дифференциалдық теңдеулерді сандық шешуге қолдану қазіргі кванттық құрылғыларда тиімді іске асырылатын сәйкес оңтайландыру модельдерін құруды талап етеді. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста бірөлшемді Гельмгольц теңдеуін модельдік есеп ретінде пайдалана отырып, оны кванттық күйдіру әдісімен сандық шешу мәселесі қарастырылады. Жуық шешім спектрлік базистік функциялар арқылы өрнектеліп, олардың коэффициенттері есепті QUBO (Quadratic Unconstrained Binary Optimization) моделіне түрлендіру арқылы анықталады. Кодтаудың әртүрлі стратегиялары алгебралық және адиабаттық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеліп, олардың тиімділігі классикалық имитациялық күйдіру алгоритмінің нәтижелерімен салыстырылады. Алынған шешімдердің сапасы мен сенімділігін бағалау үшін минималды энергия саңылауы, динамикалық диапазон және орташа квадраттық қате сияқты сандық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер жүйенің адиабаттық қасиеттерін, сандық тұрақтылығын және жуықтау дәлдігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері есепті кодтау тәсілі мен соған сәйкес қалыптасатын QUBO моделінің құрылымы кванттық күйдірудің тиімділігіне шешуші ықпал ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, дискреттелген есептің алгебралық қасиеттері кванттық күйдіргіштің оңтайландыру үдерісінің ерекшеліктерін айқындайтыны анықталды. Жұмыстың қорытындысында қолайлы алгебралық қасиеттер мен тиімді адиабаттық шарттарды үйлестіретін гибридті кванттық-классикалық тәсілдердің кең қолдану мүмкіндігі бар екендігі көрсетіледі. Алынған нәтижелер дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған тиімді QUBO модельдерін әзірлеуге үлес қосып, қазіргі және келешектегі кванттық күйдіру құрылғыларына арналған алгоритмдерді жобалауға практикалық ұсыныстар береді.

Description
Citation
Bazarkhanova, A. (2026). Quantum annealing for the Helmholtz equation on D-Wave: QUBO formulations and encoding strategies [Doctoral dissertation, Nazarbayev University]. Nazarbayev University School of Sciences and Humanities
Collections
Endorsement
Review
Supplemented By
Referenced By
Creative Commons license
Except where otherwised noted, this item's license is described as Attribution 3.0 United States