From shared pasts to shared futures: collective memory and collective action in rural Kazakhstan/Ортақ өткеннен ортақ болашаққа: Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі ұжымдық жады және ұжымдық іс-әрекет
| dc.contributor.advisor | Semenov, Andrey | |
| dc.contributor.advisor | Lomonosov, Matvey | |
| dc.contributor.advisor | Zhelnina, Anna | |
| dc.contributor.author | Kovyazina, Kamila/Ковязина, Камила | |
| dc.date.accessioned | 2026-07-29T05:11:43Z | |
| dc.date.issued | 2026 | |
| dc.description.abstract | Why do some rural communities successfully organize to solve common problems, while others remain passive despite facing similar challenges and possessing comparable resources? This dissertation examines how local collective memory influences the capacity of rural communities in Kazakhstan to engage in collective action. Drawing on qualitative fieldwork in four villages of Karaganda Region, the study investigates how memories of the past are transmitted, how they shape local identities, trust, and emotions, and under what conditions they translate into collective cooperation. The dissertation develops a theoretical framework linking collective memory to collective action through two pathways. Shared and cohesive memories can strengthen identity, trust, and solidarity, thereby facilitating cooperation. Conversely, memories dominated by trauma, conflict, or social fragmentation may generate mistrust, resignation, and disengagement. Through comparative analysis of four rural communities, the study demonstrates that memory affects collective action not primarily at the level of the village itself, but at the level of the mnemonic community – the group that shares a common understanding of the past. The central finding of the dissertation is that village-wide collective action is most likely when the boundaries of the mnemonic community coincide with the boundaries of the settlement. Where multiple mnemonic communities coexist without effective bridging mechanisms, collective action becomes fragmented or limited. Based on these findings, the dissertation proposes a three-configuration model explaining how different memory structures influence community cooperation. The study contributes to scholarship on collective memory, rural development, and collective action while offering practical insights for community-development policies in Kazakhstan and other post-Soviet contexts. The dissertation contributes the first systematic application of the Zerubavelian apparatus to rural collective action in the post-Soviet context, a memory-centered account of everyday, developmental cooperation rather than protest, and a set of implications for community-development policy: that memory is neither ornamental nor uniform across villages, that bridging institutions and individuals are consequential under fragmentation, and that the right policy question is not how to make rural communities more cooperative in general, but what each village’s mnemonic configuration makes doable and what bridging work it requires. Неліктен кейбір ауылдық қауымдастықтар ортақ мәселелерді шешу үшін табысты түрде ұйымдаса алады, ал басқалары ұқсас қиындықтарға тап болып, салыстырмалы түрде бірдей ресурстарға ие бола тұра, енжар күйінде қалады? Бұл диссертация Қазақстандағы ауылдық қауымдастықтардың ұжымдық әрекетке қабілетіне жергілікті ұжымдық жадтың қалай ықпал ететінін зерттейді. Қарағанды облысындағы төрт ауылда жүргізілген сапалық далалық зерттеу негізінде өткен кезең туралы естеліктердің қалай берілетіні, олардың жергілікті бірегейлікке, сенімге және эмоцияларға қалай әсер ететіні, сондай-ақ қандай жағдайларда ұжымдық ынтымақтастыққа ұласатыны талданады. Диссертацияда ұжымдық жад пен ұжымдық әрекетті байланыстыратын екі бағытқа негізделген теориялық тұжырымдама ұсынылады. Ортақ әрі тұтас естеліктер қауымдастықтың бірегейлігін, өзара сенімін және ынтымақтастығын нығайтып, бірлескен әрекетке қолайлы жағдай жасайды. Керісінше, жарақатқа, қақтығысқа немесе әлеуметтік жіктелуге негізделген естеліктер сенімсіздікке, дәрменсіздік сезіміне және қоғамдық өмірден шеттетуге әкелуі мүмкін. Төрт ауылдық қауымдастықты салыстырмалы талдау нәтижесінде ұжымдық жадтың ұжымдық әрекетке әсері, ең алдымен, тұтас ауыл деңгейінде емес, өткенді ортақ түсінетін адамдар тобын білдіретін мнемоникалық қауымдастық деңгейінде жүзеге асатыны көрсетілді. Диссертацияның негізгі қорытындысы – ауыл көлеміндегі ұжымдық әрекет ең жоғары ықтималдықпен мнемоникалық қауымдастықтың шекарасы елді мекеннің шекарасымен сәйкес келген жағдайда жүзеге асады. Ал бір ауыл ішінде бірнеше мнемоникалық қауымдастық өмір сүріп, оларды байланыстыратын тиімді тетіктер болмаған жағдайда ұжымдық әрекет бөлшектеніп, шектеулі сипатқа ие болады. Осы нәтижелерге сүйене отырып, диссертацияда ұжымдық жадтың әртүрлі құрылымдарының қауымдастық ішіндегі ынтымақтастыққа әсерін түсіндіретін үш конфигурациялы модель ұсынылады. Зерттеу ұжымдық жад, ауылдық даму және ұжымдық әрекет салаларындағы ғылыми әдебиетті толықтыра отырып, Қазақстан мен басқа да посткеңестік елдердегі қауымдастықтарды дамыту саясаты үшін практикалық маңызы бар тұжырымдар ұсынады. Сонымен қатар, диссертация посткеңестік кеңістіктегі ауылдық ұжымдық әрекетті зерттеуде Зерубавельдің теориялық аппаратын алғаш рет жүйелі түрде қолдануымен, наразылық әрекеттеріне емес, күнделікті даму үдерісіндегі ынтымақтастықты ұжымдық жад тұрғысынан түсіндіруімен және қауымдастықтарды дамыту саясатына арналған бірқатар маңызды тұжырымдарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, ұжымдық жад ауылдық қауымдастықтар үшін қосалқы немесе біркелкі құбылыс емес; әлеуметтік жіктелу жағдайында әртүрлі мнемоникалық топтарды байланыстыратын институттар мен тұлғалардың рөлі шешуші мәнге ие. Сондықтан саясаттың негізгі мәселесі «ауылдық қауымдастықтарды жалпы қалай ынтымақты етуге болады?» деген сұрақ емес, керісінше, «әр ауылдың мнемоникалық конфигурациясы қандай бірлескен әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және оларды іске асыру үшін қандай байланыстырушы тетіктер қажет?» деген сұрақ болуы тиіс. | |
| dc.identifier.citation | Kovyazina, K. (2026). From shared pasts to shared futures: collective memory and collective action in rural Kazakhstan. [PhD Thesis] Nazarbayev University School of Sciences and Humanities | |
| dc.identifier.uri | https://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/19329 | |
| dc.language.iso | en | |
| dc.publisher | Nazarbayev University School of Sciences and Humanities | |
| dc.rights | Attribution-ShareAlike 3.0 United States | en |
| dc.rights.uri | http://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0/us/ | |
| dc.subject | Ұжымдық жад | |
| dc.subject | Жергілікті жад | |
| dc.subject | Ұжымдық әрекет | |
| dc.subject | Ынтымақтастық | |
| dc.subject | Ауылдық даму | |
| dc.subject | Қауымдастықты дамыту | |
| dc.subject | collective memory | |
| dc.subject | local memory | |
| dc.subject | collective action | |
| dc.title | From shared pasts to shared futures: collective memory and collective action in rural Kazakhstan/Ортақ өткеннен ортақ болашаққа: Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі ұжымдық жады және ұжымдық іс-әрекет | |
| dc.type | PhD thesis |
Files
Original bundle
1 - 1 of 1
Loading...
- Name:
- Kovyazina K. FROM SHARED PASTS TO SHARED FUTURES COLLECTIVE MEMORY AND COLLECTIVE ACTION_IN_RURAL_KAZAKHSTAN.pdf
- Size:
- 2.19 MB
- Format:
- Adobe Portable Document Format