БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

dc.contributor.authorДоскабулова, Д.Т.
dc.contributor.authorИзденова, Н.Р.
dc.date.accessioned2020-12-03T09:57:26Z
dc.date.available2020-12-03T09:57:26Z
dc.date.issued2020
dc.description.abstractКіріспе: Health Behavior in school-aged children (HBSC) - мектеп жасындағы балалар мен жасөспірім- дердің денсаулығына қатысты әлеуметтік жағдайын бағалау мақсатында жүргізілетін зерттеу. HBSC - 11,13,15 жас аралығындағы ер бала мен қыз балалардың денсаулығы мен мінез-құлық сипатын зерттейді, мектепте, отбасымен және достарымен ара қатынасын бағалауға бағытталған зерттеу болып табылады. Мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына қатысты әлеуметтік жағдайын анықтауға жүргізілген анкеталық сауалнама нәтижелер көрсеткіштері бойынша жынысты қайырмашылық тарынанықтау. Материалдары: HBSC әдістемесін қолдану үшін ҚР ДСМ Қоғамдық Денсаулық сақтау Ұлттық орталығының келісімімен жүзеге асырылды. Зерттеу Батыс Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қалаларының мектептерінде өткізілді және 5,7,9 сынып оқушылары алынды. Нәтижелері: Әлеуметтік контекст: Отбасы. Зерттеу нәтижелері бойынша: көптеген жасөспірімдерге әкелерімен салыстырғанда анасымен сөйлесу оңайырақ екені анықталды. Ал 15 жастағы ер балалардың 75% олардың әкелерімен сөйлесу оңай екенін айтады. Достары. Қыздардың 57% және ер балалардың 46% достарының қолдауын, достарымен күнделікті кездесулерді және күнделікті әлеуметтік желілерде отыратынын хабардар етеді. Мектеп. Мектепті ұнататындығын білдіретін балалардың үлесі өте төмен (орта есеппен 28% қыздар және 26% ер балалар), мектепке деген төмен көзқарастар жасына қарай жоғарылайды. Денсаулық көрсеткіштері. Өз денсаулығын қанағаттанарлықсыз немесе нашар деп санайтын балалар мен жасөспірімдердің үлесі төмен (қыздар 22% және ер балалар 12%). Дене салмағы. 11жастағы ер балаларда және 13 және 15 жастағы қыздарда көрсеткіштердің едәуір өсуі байқалады. Тамақтану. Қыздар таңертеңгілік тамақты ер балаларға қарағанда аз тұтынады. Алкогольсіз газдалған қант бар сусындардың күнделікті тұтыну деңгейі қыздарда (11% -дан 25% -ға дейін) және ер балаларда (13% -дан 26% -ға дейін) жоғарылаған. Дене белсенділігі. 13 және 15 жастағы қыздар компьютерде көп уақыт өткізеді, бұл әлеуметтік желілердегі достарымен белсенді қарым-қатынасқа немесе үй тапсырмасын мұқият орындауға байланысты болуы мүмкін. Қорытынды: Батыс Қазақстан аймақтары Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Орал қалаларының мектеп оқушылары арасында жүргізілген HBSC зерттеу қорытындысы Жалпы алғанда, мектеп оқушыларының дене белсенділігінің деңгейі біртіндеп артып келеді. Сонымен қатар, алкогольсіз газдалған қант бар сусындарды жиі қолданады; қыздар ер балалармен салыстырғанда достарымен жиі араласуға әлеуметтік желілерді күнделікті қолданады және бұл көрсеткіштер жасына қарай жоғары.en_US
dc.identifier.urihttp://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/5173
dc.language.isokken_US
dc.publisherInternational conference "MODERN PERSPECTIVES FOR BIOMEDICAL SCIENCES: FROM BENCH TO BEDSIDE”; National Laboratory Astanaen_US
dc.rightsAttribution-NonCommercial-ShareAlike 3.0 United States*
dc.rights.urihttp://creativecommons.org/licenses/by-nc-sa/3.0/us/*
dc.subjectHBSCen_US
dc.subjectбалаларen_US
dc.subjectжасөспірімдерen_US
dc.subjectденсаулықen_US
dc.subjectResearch Subject Categories::MEDICINEen_US
dc.titleБАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ДЕНСАУЛЫҒЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРМЕН ЖАС ӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІen_US
dc.typeAbstracten_US
workflow.import.sourcescience

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Abstract 77.pdf
Size:
114.23 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:
Abstract
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
6.28 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections