Abstract:
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінің бірі – ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде дегеніміз – сол ұлттық рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Бүгінгі күні қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дәстүріміздің, тіліміздің өркендеуі...