Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы

Loading...
Thumbnail Image

Date

2015-03-30

Authors

Көпеш, Күлән Бейсенбайқызы

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Abstract

Мақалада сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі, соңғы кезде көп қарастырылып жүрген және қазақ тілі сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы туралы айтылады. Өзге тілді аудиторияда тіл үйренушілерге тыңдалымды меңгерту арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін дамытып, тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде қолдана білу керек. Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.

Description

Keywords

сөйлесім әрекеті, тыңдалым, түсіну, меңгерту

Citation

Collections