Көпеш, Күлән Бейсенбайқызы2016-02-182016-02-182015-03-30http://nur.nu.edu.kz/handle/123456789/1278Мақалада сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі, соңғы кезде көп қарастырылып жүрген және қазақ тілі сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы туралы айтылады. Өзге тілді аудиторияда тіл үйренушілерге тыңдалымды меңгерту арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін дамытып, тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде қолдана білу керек. Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.kkAttribution-NonCommercial-ShareAlike 3.0 United Statesсөйлесім әрекетітыңдалымтүсінумеңгертуТыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызыArticle