Аннотации:
Мақалада библиографиялық сипаттамалардағы кілттік сөздер жиынтығын құрастыру жайында сөз болады. Кітапханаларда ақпаратты жүйелеудің негізгі құралы ретінде кітапханалық жіктеулер қолданылып келді. Қазіргі кезде кітапханалық жіктеулерге бәсекелес ұғым кілттік сөздер пайда болды. Бұған, әрине, ақпараттық жүйенің дамуы ықпал етеді. Кілттік сөздер ғаламтор желісін қолданушыларға ақпаратты тиімді әрі жылдам табуға көмектеседі.