Presentationshttp://nur.nu.edu.kz:80/handle/123456789/10242024-03-29T05:19:53Z2024-03-29T05:19:53ZҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ: ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША ТАРИХИ ДӘСТҮРKussainova, Meiramgulhttp://nur.nu.edu.kz:80/handle/123456789/58732021-10-21T21:00:59Z2021-04-01T00:00:00ZҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ: ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША ТАРИХИ ДӘСТҮР
Kussainova, Meiramgul
Дәріс жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсын тарихи деректерге негізделе оқыту үрдісінің басты ерекшеліктері қарастырылады. Қазақстан тарихының жазбаша және ауызша деректер қорының сипаттамасы, ғылыми зерттелуі, әдіснамалық қолданысы, тарихи деректерге негізделген оқу үрдісінің мазмұндық-мағыналық құрылымы анықталады. Қазақ халқының ауызша тарихи дәстүр туындылары тарихи танымдық тұрғыдан талданады. Студенттердің тарихи деректермен жұмыс кезеңдері және дерек мәтінін ғылыми талдау дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады.
2021-04-01T00:00:00ZАБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ІЗГІЛІК НӘРДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІKurmanbay, Gultashttp://nur.nu.edu.kz:80/handle/123456789/58722021-10-21T21:00:56Z2021-02-01T00:00:00ZАБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ІЗГІЛІК НӘРДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ
Kurmanbay, Gultas
Дәрісте профессор Абай шығармаларындағы ізгілік, адамгершілік ойларды рухани айналымға түсіріп, ең алдымен, жастарды Абай талабымен тәрбиелеп, азаматтық санаға жеткізіп, отбасылық жауапкершілікке даярлауды сөз етеді. Сонан соң өмірге келген бүлдіршінді отбасында, бала-бақшада оқушыны мектепте Абаймен, оның шығармаларымен таныстырудың жолдарын, әдістерін айтады. Уақыт талабына сай Тәуелсіз Қазақ Елінің мәңгілігіне қызмет жасайтын ұрпақты даярлау, сана биігіне жеткізу бүгінгі таңда ең өзекті мәселе екендігін де автор тілге тиек етеді.
2021-02-01T00:00:00ZҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ СИНКРЕТИЗМOrazaliyeva, Elmirahttp://nur.nu.edu.kz:80/handle/123456789/58652021-10-20T21:01:04Z2021-03-26T00:00:00ZҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ: ТАНЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ СИНКРЕТИЗМ
Orazaliyeva, Elmira
Дәріс пәнаралық сабақтастық негізінде қалыптасып дамып келе жатқан тілтаным мәселелерін жүйелеуге бағытталған. Когнитология саласының әдебиетпен, пәлсапамен, тарихпен, әлеуметтанумен, психологиямен байланысқан ғылыми ұстанымдары қазақ тіл білімінің антропологиялық алғышарттарын дәйектеумен қатар, маңызды танымдық тұжырымдардың дүниеге келуін уәждеді. Нәтижесінде когнитивтік лингвистиканың қазақ зерттеулеріндегі өзіндік қолтаңбасы сұрыпталып, тілтанымдық ілімдердің ғылыми синкретизмнен бастау алатын тарихи келбетін бүгінгі синхрондық ізденістермен тоғыстыру мүмкіндігі қарастырылды.
2021-03-26T00:00:00Z