Репозиторийде сақталатын құжаттарды сипаттайтын ақпаратқа қатысты
мета деректерді басқару саясаты
Кез келген тұлға мета деректерге тегін қол жеткізе алады.
Мета деректер коммерциялық емес мақсаттарда алдын ала рұқсатсыз, кез келген тасығышта қайта пайдаланылуы және коммерциялық мақсаттарда мынадай:
OAI идентификаторын немесе мета деректердің бастапқы жазбасына сілтемені ұсыну;
Назарбаев Университетінің Репозиторийін ескеру шартымен сатылуы мүмкін.
Толық мәтінді және басқа да әртүрлі форматтағы толық жүктелген құжаттарға қатысты деректерді басқару саясаты
Кез келген тұлға толығымен жүктелген құжаттарға тегін қол жеткізе алады.
Толық жүктелген құжаттардың көшірмелері, әдетте:
көпшілікке көрінеді немесе қайта шығарылады және үшінші тұлғаларға беріледі;
білім беру немесе коммерциялық емес мақсаттарда алдын ала рұқсатсыз және ақы төлемей, жеке зерттеулерде немесе ғылыми жұмыста пайдалануға арналады.
Мынадай шарттар сақталғанда:
авторлары, атаулары және толық библиографиялық мәліметтер көрсетілгенде;
мета деректердің бастапқы бетіне гиперсілтеме және / немесе URL-мекенжайы ұсынылғанда;
құжат еш өзгеріссіз сақталғанда.
Толық жүктелген құжаттар коммерциялық мақсаттарда кез келген форматта немесе кез келген тасығышта, авторлық құқық иелерінің ресми рұқсатынсыз сатылмауы тиіс.
Репозиторий баспагер болып табылмайды, бұл - электрондық мұрағат.
Құжаттардың түрлеріне және деректер жинағына қатысты Репозиторий құрамына кіретін құжаттарды басқару саясаты
Репозиторий институционалдық немесе кафедраның репозиторийі болып табылады.
Назарбаев Университетінің Репозиторийі материалдардың барлық түрін қамтиды.
Репозиторийде жарияланатын құжаттардың құрамына мыналар кіреді:
жұмыс жобалары;
қарауға жіберілген нұсқалар (тәуелсіз рецензиялауға жіберілгендер);
қабылданған нұсқалар (тәуелсіз рецензиялаудан өткен автордың түпкілікті жобасы);
жарияланған нұсқалар (баспагер жасаған файлдар).
Құжаттарда мыналар белгіленеді:
нұсқаның түрі мен күні;
тәуелсіз рецензиялау мәртебесі;
жарияланымның мәртебесі.
Негізгі қолданылған тілдер: ағылшын, орыс, қазақ.
Құжаттарды жариялайтын тұлғалар, сапа және авторлық құқықтарға қатысты Репозиторийге құжаттарды тапсыру саясаты
Құжаттарды тек аккредиттелген мүшелер, ғылыми қызметкерлер, тіркелген студенттер және мекеменің қызметкерлері немесе олардың уәкілетті өкілдері ғана тапсырады.
Авторлар мұрағаттау үшін тек өздерінің жеке жұмыстарын ғана ұсына алады.
Талаптарға сәйкес келетін, құжаттарды жариялайтын тұлғалар өздерінің барлық жарияланымдарына арналған библиографиялық мета деректерді жариялауға тиіс.
Талаптарға сәйкес келетін, құжаттарды жариялайтын тұлғалар өздерінің барлық жарияланымдарының толық мәтіндерін жариялауға, дегенмен олар жариялайтын құжаттар баспагерлердің эмбаргосын сақтау мақсатында бірден көпшілікке жария етілмеуі мүмкін.
Әкімші құжаттарды жариялайтын авторлардың/тұлғалардың белгіленген талаптарға, құжаттардың Назарбаев Университеті Репозиторийінің талаптарына сәйкестігіне, құрылым мен форматының дұрыстығын, сондай-ақ спамның жоқтығына қарайды.
Ұсынылған құжаттар мазмұнының дұрыстығы және анықтылығы құжаттарды жариялайтын тұлғаның айрықша жауапкершілігі болып табылады.
Құжаттар кез келген уақытта жариялана алады, бірақ олар баспагердің немесе демеушінің эмбарго кезеңі аяқталғанға дейін көпшілікке қолжетімді болмайды.
Кез келген авторлық құқықтар құжаттарды жариялайтын авторлардың/тұлғалардың жауапкершілігі болып табылады.
Егер Назарбаев Университеті Репозиторийі авторлық құқықтардың бұзылғаны туралы дәлелдеме алса, тиісті құжат дереу жойылады.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету саясаты
Құжаттар Репозиторийде мерзімсіз сақталатын болады.
Назарбаев Университетінің Репозиторийі құжаттарға тұрақты қолжетімділікті және олардың оқылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
қажет болған жағдайда құжаттар файлдардың жаңа форматтарына ауыстырылатын болады.
мүмкіндігіне қарай, қайта жасалмаған форматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бағдарламалық құралдар эмуляциясы ұсынылатын болады.
файлдардың кейбір стандартты емес форматтары оқылмайтын болуы мүмкін.
Назарбаев Университетінің Репозиторийі жұмыстың ағымдағы нәтижеге бағытталған әдіске сәйкес, өз файлдарының резервтік көшірмелерін тұрақты жасап отырады.
Жаңартылған форматтарға қосымша ретте барлық құжаттар үшін түпнұсқа екі ағын сақталады.
Құжаттар әдетте Назарбаев Университетінің Репозиторийінен алынып тасталмайды.
Құжаттарды алып тастаудың себептері:
журналдар баспагерлерінің ережелерін;
авторлық құқықтардың дәлелденген бұзылуы немесе плагиат;
заңды талаптар және дәлелденген бұзушылықтар;
ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіру;
бұрмаланған ғылыми зерттеулер.
Алынып тасталған құжаттар өздігінен жойылмайды, көпшілік қолжетімділігінен алынып тасталады.
Алынып тасталған құжаттардың идентификаторлары/URL-мекенжайлары мерзімсіз сақталады.
URL-мекенжайлар жұмыс істемейтін сілтемелерді болдырмау және төмендегілерді көрсету арқылы құжаттың тарихи жазбасын сақтау мақсатында алынып тасталған құжаттарға бағыттап отырады:
бар болған жағдайда ауыстырылған нұсқаға сілтемелер;
алып тастау себептерін түсіндіретін жазбалар.
Алынып тасталған құжаттардың мета деректері іздеу үшін қолжетімді болмайды.
Жарияланған құжаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Қате басылған және түзетілген тізімдер қажет болған жағдайда түпнұсқа жазбаға енгізілуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда Репозиторийде жаңартылған нұсқа жариялануы мүмкін:
неғұрлым бұрын шыққан нұсқа жалпы қолжетімділіктен алынып тасталуы мүмкін;
құжаттың тұрақты URL-мекенжайы әрдайым соңғы нұсқамен байланысты болады;
неғұрлым бұрын шыққан және кейінірек шыққан нұсқалардың арасында соңғы нұсқаға нақты көрсететін сілтемелер беріледі.
Назарбаев Университеті Репозиторийінің жұмысы тоқталған жағдайда деректер қоры басқа тиісті мұрағатқа тапсырылатын болады.