НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕПОЗИТОРИЙІ ТУРАЛЫ
Назарбаев УниверситетІНІҢ РепозиториЙІ (НУр) – бұл Назарбаев Университетінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін сақтауға арналған институционалдық репозиторий.
НУр репозиторийдегі құжаттардың сенімді, ұзақ мерзімді сақталуы мен бақылануын қамтамасыз етеді.
НУР ашық қолжетімділік ұстанымына негізделе отырып қызмет етеді.
НУР-дың мақсаты Google индекстеу арқылы сіздің ғылыми зерттеулеріңізді іздеу кезінде нәтижелердің арттыру болып табылады.
Репозиторийде сақталатын барлық материалдар әлемдік ғылыми қоғамдастық үшін ашық қолжетімділікте.
Сіздің жұмыстарыңызды НУ Репозиторийінде жариялаудың 4 себебі:
Дәйексөз алу индексін арттыру
Сіздің ғылыми зерттеулеріңіздің және бөлімшеңіздің көріну мүмкіндігін арттыру және жаңа оқырмандарды тарту.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар үшін Google немесе басқа іздеу жүйелерінің көмегімен қолжетімділікті қамтамасыз ету. Сіздің құжаттарыңызды кез келген жерде орналасқан оқырмандар Сіздің тарапыңыздан қандай да бір қосымша күш жұмсалмастан, әртүрлі әдістердің көмегімен таба алады.
Озық іздеу жүйесін қамтамасыз ету, нәтижесінде оқырмандар Сіздің материалдарыңызды оңай табатын болады.
Тұрақтылық кепілдігі
Сіздің жұмысыңызға тұрақты, өзгермейтін URL мекен-жайын беру, нәтижесінде оқырмандар Сіздің жұмысыңызды әрқашан таба алатын болады.
Сіздің ғылыми жұмысыңыздың жылдам әрі тиімді мұрағатталуын қамтамасыз ету
Жүйеге қызмет көрсету үшін жауапкершіліктен босату.
Ақпараттық технологиялармен байланысты кедергілерді жою.
Толық мәтінді іздеу
НУР сіздің ғылыми зерттеулеріңізді толық мәтінді іздеуді қамтамасыз етеді.
Байланыс ақпараты
НУ Репозиторийіне қатысты кез келген сұрақтарды tolkyn.jangulova@nu.edu.kz мекенжайына жіберу керек.